Текст
11.10.2026
7 қазан күні №21 мектеп-лицейінің базасында 8–11 сынып оқушылары арасында шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған республикалық «Ақберен» байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың «Көркемсөз оқу» номинациясында мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Серік Инабат І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды!
Бұл – оқушымыздың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ ұстазының берген бағыт-бағдарының жемісі.
Серік Инабатты және жетекшісі Аймаханова Ақжамал Ераханқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңде де сәттілік серік болып, биіктен көріне беріңіздер!
Жеңістеріңіз көп болсын!
