Текст
14.10.2026
Мектебіміздің мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының жүлдегері атанды!
Мектебіміздің мұғалімі Нугуманова Гульмира Тлегеновна «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде «Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша ІІ орын иеленді. Гульмира Тлегеновнаны жетістігімен құттықтаймыз!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыратын байқау педагогтерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық идеяларын таныстырып, тиімді тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Әріптесімізге жаңа кәсіби табыстар тілейміз!